RU

ОҚО-да төрт баланың әкесі аяусыз соққыға жығылып, тілге келместен көз жұмды

ОҚО-да төрт баланың әкесі, 32 жастағы азамат кісі қолынан қаза тапты деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Көлік жүргізуші болып қызмет атқарған жәбірленушінің кімге зияны тигенін туыстары біле алмай дал. Қайғыдан қан жұтқан отбасының айтуынша, Хайрулло Шукуровты белгісіз біреулер үйінен алып кеткен. Сосын оған ауыр жарақаттар салып, үйінің алдына жеткізіп тастаған. 

"11 жарымда шығып кетті. Түнгі бір жарымда әкеп тастады. Түнгі екіде біз ауруханаға бардық. Алты сағат ота жасады. Таңертең дәрігер 2-3 сағаттан кейін көзін ашады деді. Бірақ жағдайынан ауыр екенін айтты. Алайда сағат 10-30-да оның қаза болғанын жеткізді", - дейді марқұмның қарындасы.

Дәрігерлер ес-түзсіз ауруханаға жеткізілген ер адамды ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады деп отыр.

Қазіргі таңда осы іске қатысы бар күдікті қолға түскен. Ол 32 жастағы Шымкент азаматы екен.

"Осы жайт әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 1984 жылғы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың барысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталады», - дейді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалды.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Головкин келер жылы әйгілі Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап қалды (фото)

75 ұшақ пен жүздеген кемені жұтқан Бермуд үшбұрышының құпиясы неде?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295182-oqo-da-tort-balanynh-akesi-ayausyz-soqqy.html