RU

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Бір сатушы «балалық шақтың» дәмін ауызға келтіру үшін жұртқа сонау 1989 жылы зауыттан шыққан, содан бері әлі ашылмаған пепси бөтелкесін сатып алуды ұсынады.

Бұл туралы life.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, мұндай ұсынысты білдіріп отырған қазақстандық коллекционер екен. Ол кеңес кезеңінде құтысына құйылған «Пепси-кола» шишасының екі данасын саудаға шығарып қойыпты. Сатушы бұлардың әрбірін 34 мың теңгеге бағалапты.

«Демек, Ресей валютасымен есептегенде, ол 6 400 рубль болады», – делінген хабарламада.

Сатушы шыны құтыларға 1989 жылы, әлі Кеңес Одағы бар кезінде құйылған бұл раритеттік заттарды бір адамның сатып алуына да жол бергісі жоқ. Кім болса да, бұлардың біреуін ғана алуы тиіс. Ал екіншісін келесі адам сатып алсын деп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Головкин келер жылы әйгілі Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап қалды (фото)

75 ұшақ пен жүздеген кемені жұтқан Бермуд үшбұрышының құпиясы неде?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295208-qazaqstandyq-kollekcioner-1989-zhylghy-pep.html