RU

Алматыда банкке қарақшылық шабуыл жасағандар әлі табылған жоқ

Алматыда екі қаскөй таң алдындағы қарбалас кезінде қаланың қақ ортасындағы бөлімшеге баса-көктеп кіріп, күзетшінің қаруын тарып алып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен, дабыл дер кезінде қосылып, банкті тонап үлгермепті. Оқиға орнына дереу жеткен полицияның көліктерін көріп, маңайдағы тұрғындар да дүрлігіп қалды. Жаздағы терактіден кейін жүректері шайлыққан жұртты тәртіп сақшылары сабырға шақырып отыр.

Оқиға сағат  таңғы 8-де болған. Ал ол кезде жұмыс әлі басталмаған екен. Сондықтан мұнда тек бірен-саран адам болыпты. Жұмысқа әдеттегіден ерте келген 27 жастағы күзетші қарақшыларға қарсылық көрсетіп, банктің ішіне кіретін кілтті бермей қойыпты. Ойлары іске аспаған соң екі қаскөй оны оңдырмай жаралаған.

"Күзетші Қуаныш Нұрқалымов банктің есігін кілттеп, залда орналасқан дәретханаға шыққан. Сол кезде оған шабуыл жасалыпты. Қызметкер қарсылық білдірген. Травматикалық тапаншаны қолданбақ болғанымен, қарақшылар тартып алған", - дейді күзет агенттігінің директоры Мырзатай Балтабаев.

Сөйтіп, ақшасыз қалған екеу бірден із суытыпты. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жеткен. Ал мұны көріп маңайдағы тұрғындар да үркіп қалды.

"Жұмысқа келгенімде адамдар қаптап жүрді. Әсіресе, қару асынған арнайы жасақ өкілдері мен тәртіп сақшылары өте көп болды. Біз алғашында түсінбей қалдық", - дейді тұрғын Елена Грибенюк.

Таңғы дүрбелеңді кейбірі кезекті лаңкестік деп ойлаған. Дегенмен, Ішкі істер министрі оқиғаға радикалдардың еш қатысы жоқ деп отыр. Қазір осы жағдайға байланысты «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қарақшылармен арпалысқан күзетшіден де жауап алынуда.

"Бұл кәдімгі қарақшылық. Қылмыскерлер алдын-ала дайындалған. Банктің жұмыс уақытын бақылап жүрген. Біз мәселенің мән-жайын тексереміз", - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Банк бөлімшесі қазір асқан сақтықпен жұмыс істеуде. Ал мекемені тонамақ болған екеу әлі қолға түспеген. Сол үшін қала бойынша таңертеңнен бері арнайы операция жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295231-almatyda-bankke-qaraqshylyq-shabuyl-zha.html