RU

Мұхамедиұлы: Жаныбеков арадағы «жігіттік келісімді» орындай алмады

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы абыройына нұсқан келтірді деген Талгад Жаныбековке қатысты сот шешіміне орай өз пікірін білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің жеке басыма күйе жаққаннан кейін, мен жала жабу бабы бойынша Талгад Жаныбековті азаматтық сотқа бердім. Сотқа дейінгі тергеу аясында, бетпе-бет кездесу кезінде Жаныбеков өз сөздерінің өтірік екенін мойындады. Менің, болмаса менің қол астымдағы азаматтардың тікелей немесе делдал арқылы 100 мың доллар сұратқанын жоққа шығарып, ондай оқиға ешқашан болған жоқ деді. Ол сондай-ақ қолында ешқандай дәлел жоқтығын айтты», - дейді министр.

«Оның мүддесін қорғағандар Жаныбеков маған күйе жаққанын мойындап, қоғам алдында кешірім сұрайды деп айтқан. Содан кейін, мен өзімнің арызымды алып кеткен едім. Бірақ, өкінішке қарай, ол арамыздағы «жігіттік келісімді» орындаған жоқ. Онымен қоймай, қоғам арасында мен туралы теріс пікір қалыптасуына ат салысты. Содан кейін мен қылмыстық істер жөніндегі сотқа арыз түсіріп, оны түзету жұмыстарына жегуді талап еттім. Алайда, Жаныбеков сот отырыстарына мүлде келген жоқ. Бүгін әйтеуір сот отырысы бітті ғой. Мен Талгад Жаныбековке 50 АЕК көлемінде айыппұл салған сот шешіміне толық қанағаттанамын. Тағы да қайталап айтамын, мен Жаныбековке осындай жазадан құтылу үшін қолымнан келгенше күттім», - дейді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, Астана қаласы Сарыарқа ауданының соты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ар-намысына күйе жақты деп режиссер Талгад Жаныбековке 1 600 000 теңге айыппұл салды (500 айлық есептік көрсеткіш).

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295251-mukhamediuly-zhanybekov-aradaghy-dzhen.html