RU

87 жастағы кейуананың басына күтпеген жерден мүйіз шығып кетті

Сегіз жыл бұрын қартайған Лян Сючжэннің маңдайында ісік пайда болған. Қарт әйелдің туғандары оған аса мән бермеген. Дегенмен, жыл сайын ол ісік өсе берген деп хабарлайды Qamshy.kz.

Дәрігер оны әрең дегенде қолымен ажыратқан. Уақыт өте келе көршілер мен таныстары қарт әжейді «жалғыз мүйізді апа» деп атап кеткен. Екі жыл өткен соң Лянның қызы басын жуып жатқан кезде жұмбақ мүйіз сынып кетеді. Отбасы жоғалып кеткен мүйізге қуанып үлгермей жатып, ол кемпірдің маңдайына қайта оралған.

Енді мүйіз айлап, күндеп емес, сағаттап өседі. Дәрігерлер анықтағандай, 13-сантиметрлі мүйіз кератинді қатерсіз ісік болып шықты. Кератин – адам шашы мен тырнақтарының маңызды бір бөлігі. Бірақ бұл өскін қарт кісіге көп проблема туындатуда. Ол Лянға ұйықтауға мүмкіндік бермей, уақыт сайын қансырап, ауырады.

Оның үстіне ісік қатерсізден қатерліге ауысып кетуі мүмкін. Өскінді ота көмегімен алып тастауға болады. Дегенмен дәрігерлер бұл қадамға баруға қорқуда. 87-жастағы әжейдің денсаулығы әлсіз болғандықтан, сәтті отаның өзі қайғыға душар етуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295262-87-zhastaghy-keyuananynh-basyna-muyiz-shyghy.html