RU

Мәдениет министрі Кейкі батырдың бас сүйегін неге сән-салтанатпен күтіп алмағанын түсіндірді

Кейкі батырдың бас сүйегін бергенін Ресей үкіметі құпия ұстағысы келеді. Мұндай шындықты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі жайып салды деп хабарлайды 31 арна.

Батырдың бас сүйегі келеді екен деп, түн жарымда әуежайға барған бір топ азаматтың құр қайтқаны айтылған. Министр, бұл жерде ештеңені жасырмадық дейді. Өзімен бірге депутат Серік Ақылбайдың қарсы алғанын алға тартты.

Алайда, жалпақ жұртқа жариялап, сән-салтанатпен күтіп алмаудың себебін жасырмай айтып берді.

"Ресей жағынан өтініш болды, жасыратыны жоқ. Ресейде үлкен шара болмаса екен деп. Неге десеңіз, музейдің экспозициясын алу өте қиын", - дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Кейкі батырдың бас сүйегіне қатысты өз ойымен бөліскен Арыстанбек Мұхамедиұлы әзірге даңғазалыққа салынудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өзге елден музей экспозициясын алудың өте қиындығын тілге тиек еткен министр Мұхамедиұлы қазір батырдың бас сүйегі Венгриядағы толық зерттеу жұмыстары аяқталмайынша, артық әңгіме айтудың өзі әбес деді.

Ал, венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін екі айда жасап шығараруды жоспарлап отыр. Олар бұл жұмыста батырдың бас сүйегін қолданады. Айта кетейік, 2016 жылдың 13 қазанында Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайы (ОММ) Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінің қолғабысымен Будапешт қаласына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілген болатын.

Венгрлік ғалымдардың айтуынша, жұмыс қорытындысын Қазақстанда таныстыру жоспарланған.

"Ғылыми нәтижелерді біз Қазақстанның Тәуелсіздігі күні таныстыратын шығармыз", - деді антрополог Андраш Жолт Биро. Сонымен қатар, оның айтуынша, батырдың бассүйегіне сараптама жүргізіп, бассүйекке тиген зақымдарды анықтап, Кейкі батырдың қалай қайтыс болғанын да анықтауды жоспарлаған.

"Бассүйектің ішкі бөлігінен ДНҚ-сын алуға тырысамыз. Оны батырдың ұрпақтарының ДНҚ-сымен салыстыруға болады", — деді ғалым.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстандық азамат 1989 жылғы пепси бөтелкесін 34 мың теңгеге сатпақшы (фото)

Қазақстандық қариялар Алматының ең көрікті жерлерін аралады (фото)

Мұхамеджан Тазабеков Данияр Елеусіновті "cалафит" деп қаралағандарға жауап берді

Мәдениет министірін айыптаған режиссерге сот 1 млн теңге айыппұл салды

Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295346-madeniet-ministri-keyki-batyrdynh-bas.html