RU

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Комада жатқан АҚШ-тың Джорджия штатындағы мектеп футбол командасының қақпашысы есін жинағаннан кейін бұрын өзі мүлдем білмеген испан тілінде сөйлей жөнелген.

Бұл туралы The Daily Mirror ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Жасөспірім жігіт кезекті матч кезінде ойыншылардың бірі абайсызда басынан теуіп жібергенде ес-түссіз құлайды. Миы шайқалған деген диагноз қойылған ол тікұшақпен Атлантадағы аурухана алып бара жатқанда есін жоғалтып, комаға түседі. Ол комада бірнеше күн өз өзіне келе алмай жатады.

Ең таң қаларлығы жеткіншек есін жинап, ұйқысынан оянған кезінде өзі мүлде білмеген испан тілінде сөйлеп кетеді.

Жасөспірім жігіт әлі науқасынан толық сауығып кеткен жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуінің тепкісіне шыдап келген қазақ әйелі басынан өткен жантүршігерлік азапты баяндады

Өскеменде жоғалған сырқат жігітті зағип анасы төрт айдан бері таба алмай жан ұшыруда (фото)

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін әйелін аяусыз соққыға жығып, үйінен қуып жіберді

ОҚО-да төрт баланың әкесі аяусыз соққыға жығылып, тілге келместен көз жұмды

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295432-aqsh-ta-zhasospirim-komadan-keyin-birde.html