RU

Ерке Есмаханның хан сарайындай үйіне тыңдармандары таңдай қақты (фото)

Ерке Есмаханның Ақтөбедегі хан сарайындай зәулім үйінің салтанаты желі қолданушыларының назарына ілікті.

Бүгінде туған жеріне барып концертін беріп жатқан Ерке Есмахан Ақтөбедегі хан сарайындай зәулім үйіне достарын қонақ етіп, дастархан жайды.

Оның үйінде қонақ болған әзілқой Арман Жаналиев достардың басқосуынан естелік сурет салып, оны оқырмандар назарына ұсынды.

Суреттің астына ол: "Осы суреттен кейін шәй іштік. Раxмет Ерке, ата-анаң аман болсын, иншаллаx!!! Үйің керемет екен, әсіресе люстралары", - деп жазды. Қазақы үлгіде жасалған бөлмені желі қолданушылары ұнатып қалды. Олар Еркенің қонақжайлылығын сөз етіп, қазақы тәрбиесіне көңіл аударды.

Естеріңізге салсақ, Ерке бүгінде алғашқы рет республикалық турнесін қолға алып, еліміздің түкпір-түкпірін аралауға бел шеше кіріскен. Бұл турнесін туған жері Ырғыздан бастаған ол, кейіннен Ақтөбеге барып, концерт өткізді. Оның ендігі сапары - Орал қаласы болмақ.

Тағы оқыңыздар:

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Өскеменде жоғалған сырқат жігітті зағип анасы төрт айдан бері таба алмай жан ұшыруда (фото)

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін әйелін аяусыз соққыға жығып, үйінен қуып жіберді

ОҚО-да төрт баланың әкесі аяусыз соққыға жығылып, тілге келместен көз жұмды

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295500-erke-esmakhannynh-khan-sarayynday-uyine.html