RU

Салмағы 500 келіге жеткен бойжеткен орнынан тұра алмай қалды (фото)

Мысырдың Александрия қаласында тұратын отбасы дәрігерлер қауымы мен қалың көпшіліктен денесінің орасан зор үлкендігіне байланысты өмірінің көп уақытын үйде өткізіп келе жатқан туыстарына жәрдем беруді сұрайды.

Бұл туралы The Daily Mirror ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Олар егер Каирдегі ауруханадардың бірінде шұғыл операция жасамаса, салмағы 500 келі тартатын 36 жастағы Иман Ахмад Абдулатидің өліп қалатынын айтып, дабыл қағуда.

Басылым хабарлағандай, Иманның үйден шықпағанына 25 жыл болыпты. Ол ешқашан әлдеқандай оқу орнына барып оқып көрмеген. Қызға сіңлісі мен анасы көмектесіп тұрады.

Иман бала жасында элефантиаз деген аурумен ауырыпты. Бұл лимфатикалық жүйені бұзып, денеге өзгеріс әкеледі.

Анасы мен сіңлісінің айтуларынша, қыздың жасөспірім шағында ауруы күшейіп кетуіне әкесі өлгеннен кейін алған қатты стрессі әсер етіпті. Ол көп жылдар бойы өз ауруына өзі бақылау жасап келіпті. Дегенмен, қазір дәрігерлердің көмегіне жүгініп, сырқатын жеңілдетуден үміті де жоқ емес.

Тағы оқыңыздар:

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Өскеменде жоғалған сырқат жігітті зағип анасы төрт айдан бері таба алмай жан ұшыруда (фото)

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін әйелін аяусыз соққыға жығып, үйінен қуып жіберді

ОҚО-да төрт баланың әкесі аяусыз соққыға жығылып, тілге келместен көз жұмды

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295548-salmaghy-500-kelige-zhetken-boyzhetken-orny.html