RU

Кауменовамен жауласқан Түсіпбаеваны ТВ-ға жолыңды жабамын деп қорқытқан

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваға отандық продюсерлердің бірі ТВ-ға жолыңды жауып тастайтынын айтып, қорқытқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші бұл туралы желідегі парақшасында айтты.

"Барлық жерде жемқорлық. Бүгін, өзім саналы деп жүрген әйел, продюсер маған ашық түрде ТВ-ға жолыңды кесіп тастаймын деп мәлімдеді. Таң қалғаным сонша, сөзім болмай қалды", - деп бөлісті ол желі қолданушыларымен.

"Менің кінәм - туфли жалай алмаймын", - деді ол.

Дегенмен, әнші бұл продюсердің атын атамаған және продюсердің неліктен ондай сөздер айтқанын да Меруерт баса айтпаған.

Мұны естіген желі қолданушылары қатты ашуланды. Оған басу сөздер айтып, үнемі қолдайтындарын жеткізді.

Естеріңізге салсақ, бірнеше күннен бері Меруерт Түсіпбаева өзіның киім киісін талғамсыз деп атаған Жадоны сынап, Аида Кауменованың бұйымдары сапасыз деп айыптаған еді. Дәлел ретінде ол Кауменовадан сатып алған 100 мыңға жуық тұратын алқасын көрсетіп, оның екі таққан соң желімінен ажырап кеткенін айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Өскеменде жоғалған сырқат жігітті зағип анасы төрт айдан бері таба алмай жан ұшыруда (фото)

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін әйелін аяусыз соққыға жығып, үйінен қуып жіберді

ОҚО-да төрт баланың әкесі аяусыз соққыға жығылып, тілге келместен көз жұмды

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295602-otandyq-prodyuser-meruert-tusipbaeva.html