RU

Мектеп маңында оқушыларға Аллах туралы әңгіме айтқан сақалды жігіт ата-аналарды шошытты (фото)

Астанадағы №76 мектепке келіп, кішкентай мектеп оқушыларымен дін тақырыбында әңгімелескен ер азамат ата-аналарды алаңдатып отыр.

Бұл туралы Newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сақалды жігіттің әңгімесінен қорқып қалған астаналық ата-аналар бір-бірін өте сақ болуға шақыруда.

Ұялы телефонға келген хабарлама авторының айтуынша, құрбысы көлігімен мектеп маңына келіп, 4-5 сынып оқушыларымен Аллах туралы әңгімелескен сақалды жігітті байқаған.

"Құрбым оқушылардың бұл кісіні мүлде танымайтынын анықтаған соң, оған дереу айғайлай бастаған. Сақалды жігіт бірден көлігіне мініп, есігін жауып алған. Ал құрбым оның өзін де, көлігінің нөмірін де суретке түсіріп үлгерді. Мүмкін, ол оқушылардың бірінің ата-анасы шығар. Сонда да, өте сақ болу керек", - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар:

Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295626-mektep-manhynda-oqushylargha-allakh-tura.html