RU

Отандық телеарналардағы танымал адамдардың жұбайлары кімдер?

Шоу-бизнесте жарқырап шығып, жұлдыз болу бүгінде көптеген жастардың арманы. Әсіресе, телеэкранның арғы жағындағы бағалы, әсем көйлек киіп, қымбат асыл тастар тағынған, мүсіні мен келбетінде мін жоқ ханшайымдарға жас қыздардың көзі түспей қоймайды. Бүгін NUR.KZ порталы көгілдір экрандағы ауқатты кісілердің жарларын назарға ұсынады.

Гүлбаршын Зайырова

Танымал тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова Хабар арнасының "Жаңа күн" бағдарламасының жүргізушісі. Ол журналист қана емес, сонымен бірге кәсіпкер әйел. Оның жеке "Arteast" деп аталатын сұлулық салоны бар. Гүлбаршын Зайырова "Жилстройсбербанк" банкінің басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы.

Гүлнұр Оразымбетова

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова бүгінде жүргізушіліке бет бұрып, "Қазақстан" ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізіп жүр. Гүлнұрдың отбасылық өмірі ешкімге құпия емес. Оның жары мемлекеттік қызметкер Серікбай Нұрғисаев екенін білмейтіндер кемде кем.

Қарагөз Сүлейменова

Асқар Сүлейменов секілді қазақтың біртуар азаматының қызы Қарагөз Сүлейменова әйгілі актер Досхан Жолжақсыновтың жары. Ол Қазақстан арнасындағы "Әйел бақыты", сонымен бірге "Хабар" арнасындағы аспаздық ток-шоудың жүргізушісі болған.

Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің жарын ешкімнен жасырмаса да, онымен бірге түскен суреттерін ол желіге жарияламайды. Дегенмен, оның жұбайы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті, жеке кәсіпкер Беркінбаев Қайрат Шерәліұлы екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қарақат Әбілдина

Жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі әншіліктен бөлек, қол ұстасып жүргізушілікті де табысты түрде атқарып жүр. Олардың "Хабар" арнасындағы "Бенефис-шоу" бағдарламасы бүгінде отандық шоу-бизнес өкілдерін насихаттайтын бірден бір бағдарламаға айналған.

Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын  Айнұр Тұрсынбаева да өзінің жарын көрсетпейтін тележүргізушілердің бірі. Ол желідегі парақшасына ол туралы ешқандай ақпарат жазбайды. Дегенмен, көпшілік ол Таэквонда федерациясының бұрынғы президенті Исабеков Шамсат Жақсылықұлы екенін біледі.

Салтанат Қалиева

Танымал тележүргізуші Салтанат Қалиеваның күйеуі - 31 арнаның бас директоры Бағдат Қожахметов. Олар бүгінде көпбалалы ата-ана. Үлкен қызын жақында ұзатқан олар жуық арада ата-әже атануы да ғажап емес.

Мөлдір Мұқанова

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы да жан жары секілді жүргізушілікті қолға алған. Олар отбасылық "Өнерлі отбасы" деп аталатын бағдарламаны жүргізген болатын. Жүргізушіліктен бөлек, жуырда Мөлдір кәсіпкерлікпен де айналыса бастады. Ол Астанадан өнер мектебін ашып, балаларды өнерге баулуды бастап та кетті.

Тағы да оқыңыздар:

Тасжүрек анасынан оңбай таяқ жеген бүлдіршін жетімдер үйіне өткізілді (видео)

Шымкентте 33 жастағы келіншекті енесі күштеп жындыханаға жатқызып тастаған

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

Бойжеткен өзінің мінсіз денесіне сын айтқан қазыларға шүйлікті (фото)

Әлемдегі ең жомарт жандар қайда тұрады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295785-otandyq-telearnalardaghy-tanymal-ada.html