RU

3 күн қалған жекпе-жегіне Қанат Ислам қалай дайындалып жатыр?

29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондық белбеуі үшін ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шығатыны белгілі.

Желіде сол жекпе-жекке боксшының қалай дайындалып жатқан видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осыдан бір ай бұрын 23 қыркүйекте баспасөз мәслихатын өткізген Қанат өз еліндегі алғашқы жекпе-жектің жүгі ауыр екенін айтқан болатын.

«Тұңғыш рет өз елімде кездесу өткізгелі отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Қарсыласым осал емес. 36 кездесу өткізіп, оның 28-ін нокаутпен жеңген. Жерлестерімнің қолдауына сенемін. Қазіргі жаттығуым IBA академиясында өтіп жатыр», - деген болатын Қанат Ислам.

Еске салатын болсақ, Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шықса, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Видео авторы: BerikTV

Тағы да оқыңыздар:

Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295813-3-kun-qalghan-zheke-zhegine-qanat-islam-qal.html