RU

Әлемдегі ең жомарт жандар қайда тұрады?

Түркіменстан тұрғындарының көбі уақытын ақысыз ерікті жұмыстарға жұмсайды. Олардың көбі Ирак және Ливиядағы бейтаныс адамдарға көмектесуге дайын екен.

Ал әлемнің ең жомарт адамдары Бирмада, АҚШ-та және Австралияда тұрады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

CAF қайырымдылықты дамыту және қолдау көрсету қоры әлемнің 140 елінде адамзаттың қайырымдылығы мен көмектесуге қаншалықты дайындығы жөнінде зерттеу жүргізген. Онда адамдардың қайырымдылық шараларына қаражат беруі, бейтаныс адамдарға көмектесіп, оны тамақтандырып, соңғы киімін шешіп беруге қаншалықты дайындығы зерттелген.

Постсоветтік кеңістіктің ішінде ең жомарт ел Өзбекстан екен — 140 елдің ішінде 11-орынға шыққан. Халықтың 52 пайызы әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысады.

15-орынға Түркіменстан шыққан. Онда тұрғындардың 40 пайызы үнемі садақа беріп, 60 пайызы ақысыз ерікті жұмыстарда істейді екен. Бұл әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Қырғызстан бұл рейтингте 34-орын, Тәжікстан 87-орын, Қазақстан 96-орында. Соңғы орындарда Армения (130-орын) мен Әзірбайжан тұр.

Тағы да оқыңыздар:

Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295927-alemdegi-enh-zhomart-zhandar-qayda-turad.html