RU

Бойжеткен өзінің мінсіз денесіне сын айтқан қазыларға шүйлікті (фото)

Miss Grand International 2016 халықаралық сұлулық байқауының қатысушысы, Исландия тұрғыны Арна Ир Йоунсдоуттир шара ұйымдастырушыларын дене бітімін себепсіз сынағаны үшін айыптады, деп хабарлайды Baq.kz.

Қатысушы қыздан байқаудың негізін қалаушы әрі иесі, таиландтық тележүргізуші әрі продюсер Нават Итсарагризил екі-үш күннің ішінде 25 қазанда Лас-Вегаста өтетін финалға дейін арықтауын талап еткен.

Артық салмақтан арылу үшін Арнаға таңғы асты ұмытып, түскі асқа жеңіл салат, ал кешкісін құр су ішуге кеңес беріпті. Алайда өзінің сымбатына арықтаусыз-ақ көңілі толатын қыз бұл кеңесті кемсіту деп қабылдап, байқауға қатысудан бас тартқан.

«Байқау иесі шынымен менің арықтауымды қаласа, менің ол байқауда одан әрі қалатын жөнім жоқ. Рас, менің иықтарым өзге қатысушылардан кеңдеу болар, бірақ ол артық салмақтан емес, кезінде исландиялық құрамада атлетикаға қатысқанымнан және мен оны мақтан тұтамын», - деді қатысушы қыз.

Ол, сондай-ақ, бұдан кейін алдағы уақытта да көзбояушылыққа толы қандайда бір сән байқауына қатыспайтынын мәлім етті. Instagram-дағы жеке парақшасында Арна финалға дейін Лас-Вегасқа ұшуды жоспарлағанын, алайда жергілікті жердің сұлулығын тамашалап, дәмді тамақтан ауыз тиіп, бос уақытын қызықпен өткізу үшін 26 қазанға дейін қалу туралы шешім қабылдағанын жазған.

Әлеуметтік желідегі арудың жеке парақшасына 23 мыңнан аса пайдаланушы тіркелген. 2015 жылғы ұлттық байқауға қатысып, «Исландия миссі» атағын жеңіп алған. Сұлулық патшайымы қазір модель болып жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Nike брендінің бірнеше жарнамасына түсіп үлгерген.

Тағы да оқыңыздар:

Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1295956-boyzhetken-ozininh-minsiz-denesine-syn.html