RU

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

"Замана" басылымының редакциясына Мақтаарал ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын Арыс есімді азамат хабарласты. 35 жастағы жігіттің әйелі, екі қыз, бір ұлы бар. Қазіргі таңда бәрі бірге тұрады. Бірақ тағы бір мәрте үйленсем деген ойы бар.

Яғни екінші әйел алмақ ниетте. Оның себебін өзі былайша түсіндірді:

«Әйеліммен ата-анамыздың айтуы бойынша үйленгенмін. Яғни оны құлай сүйген жоқпын. Қазір де оны жақсы көремін деп айта алмаймын. Сол себепті үйге барғым келмейді, көбіне достарыммен бірге сауық-сайран құрып жүріп алатыным бар. Үй бетін көрмей кететінімді бай­қаған шешем бір күні маған: «Өзің ұнатқан бір қызға үйлен. Бірақ оны менің көзіме көрсетуші болма, бөлек кетесің. Ал мына келін менің қолымда қалады. Ара-тұра келіп, бала-шағаңа қамқор боламын деп уәде ет!» – деп бұйырды. Шынымды айтсам, өзімнің де қалағаным осы еді, қуана келістім. Жақында өзім Жетісайдан бір үй сатып алдым. Егер үйленсем, сонда тұратын ниетім бар» , - дейді азамат.

Арыстың сөзіне сенсек, табысы жаман емес екен. Өзінің жеке кәсібі бар көрінеді. «Аса сұлу болмасам да тартымды жігіттердің қатарынанмын» дейді өзі. Оған әдемі, қылықты, үй шаруасына икемді, оқыған қыз керек екен. Ол үшін, тіпті басылымда байланыс нөмірін де жария еткен.

Тағы да оқыңыздар:

Ақмола облысының бұрынғы әкімі өмірден озды

Әйелінің аяғын сындырып, жағын айыра жаздаған еркекке қандай жаза керек? (фото)

Украина елде қалған «Лениннің соңғы» ескерткішін қиратып тастады

Өскеменде жоғалған сырқат жігіт төрт айдан бері табылмай жатыр (фото)

Павлодарлық әйел күйеуінен өш алу үшін өз қызын аяусыз соққыға жыққан (видео)

Екі қолсыз туған балақайдың өмірге деген талпынысы жұрттың жүрегін елжіретті 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296035-ayeli-men-ush-balasy-bar-azamat-ekinshi.html