RU

Келіншек күйеуінің көңілдесі барын үйіндегі тотықұстан біліп қойды

Жако
Фото: BBC

Кувейтте әйелінің көзіне шөп салып жүрген ер адамның әрекеті әшкере болды. Оның қылмысын үйіндегі тотықұс жайып салған. Бұл туралы NUR.KZ порталы viknaodessa.od.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам үй қызметіндегі көңілдес әйелге айтқан сөздерін үйіндегі тотықұсы жаттап алып, қайталай бастаған деп жазады Metro.

Әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүргенінен сезіктенгенімен дәлелі болмай келген. Кенеттен тотықұстың сүйемін деген сөздерін естіп, күйеуінің қылмысын түсініп қойған әйел бірден полицейлерге жүгінеді. Кувейтте ерлі-зайыпты көңілдес тапса, бұл заңмен қудаланады.

Дегенмен сот тотықұстың сөздерін жеткілікті дәлел деп таппаған. Себебі, ол сөздерді теледидардан естіп, жаттап алған болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Тасжүрек анасынан оңбай таяқ жеген бүлдіршін жетімдер үйіне өткізілді (видео)

Шымкентте 33 жастағы келіншекті енесі күштеп жындыханаға жатқызып тастаған

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

Бойжеткен өзінің мінсіз денесіне сын айтқан қазыларға шүйлікті (фото)

Әлемдегі ең жомарт жандар қайда тұрады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296374-kelinshek-kuyeuininh-konhildesi-baryn-u.html