RU

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Елордалық «Астана» футболдан ұлттық біріншіліктің мәреге жетуіне бір тур қалғанда Қазақстан чемпионы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Көкшетауда жергілікті «Оқжетпеспен» өткен 25-турдың кейінге қалдырылған кездесуінен кейін белгілі болды. Матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

33-ші минутта «Астана» пенальти соға алмады - елордалықтардың жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс алаң иелерінің қақпашысы Саша Стаменковичтен айласын асыра алмады. 83-ші минутта «Астана» гол да соққан болатын, бірақ Жуниор Кабананга ойыннан тыс қалғандықтан төрешілер голды есептемеді.

Ал алматылық «Қайрат» екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Соңғы тур алдында «Астанадан» төрт ұпай артта қалған «Қайрат» соңғы ойынды сенбі, 29 қазанда, Алматыда орталық стадионда «Оқжетпеске» қарсы өткізеді. Су жаңа чемпион ол күні Павлодарда жергілікті «Ертіспен» ойын көрсетеді.

Тағы да оқыңыздар:

Тасжүрек анасынан оңбай таяқ жеген бүлдіршін жетімдер үйіне өткізілді (видео)

Шымкентте 33 жастағы келіншекті енесі күштеп жындыханаға жатқызып тастаған

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

Бойжеткен өзінің мінсіз денесіне сын айтқан қазыларға шүйлікті (фото)

Әлемдегі ең жомарт жандар қайда тұрады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296432-astana-futboldan-ush-durkin-qazaqst.html