RU

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

Шығыс Қазақстанда 14 жолаушысы бар автобус аударылды деп хабарлайды 24.kz.

Ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Зырян ауданындағы Осинов асуында болған. Өскемен-Серебрянск бағытына қатынайтын жолаушылар көлігі «КамАЗ» автокөлігіне соқтықпас үшін жолдың жиегіне шығып кетіпті. Оқиғаға жолдағы көктайғақ себеп.

Нәтижесінде Серебрянск қаласындағы ауруханаға алты адам түсті. Олардың біреуі аяғын сындырып алса, қалғаны аздаған жарақатпен құтылған. Бүгінде барлығы да үйлеріне қайтарылды. Ал, автобус жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тексерулер жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар: 

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 2020 жылға дейін тежеледі

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296498-shqo-da-zholaushygha-lyq-toly-avtobus-auda.html