RU

Хиджабқа қатысты ойын айтқан имам тікелей эфирде оңбай таяқ жеді (видео)

Австралиялық имам Мұстафа Рашид Мысыр телеарналарының бірінің студиясында тікелей эфир кезінде соққыға жығылды деп хабарлайды Baq.kz.

Рашид мұсылмандардың хиджаб киюі туралы тақырыпта заңгер Набих әл-Вахшпен пікір таластырған болатын. Имам «хиджаб кию діни міндеттен гөрі дәстүрге көбірек жақын» екенін мәлімдегені сол еді, қарсыласы ашуланып шыға келді. Олар алдымен бірін-бірі балағаттайды, содан кейін әл-Вахш бәтеңкесін шешіп алып, имамды бірнеше рет ұрған.

Лента.ру порталының мәліметінше, төбелесқұмарларды телеарна қызметкерлері ажыратып алды, алайда бағдарламаны тоқтатуға тура келеді. Таяқ жеген имам студиядан кетіп қалды.

Тағы да оқыңыздар: 

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Әйелі мен үш баласынан бас тартқан шымкенттік жігіт өзіне сұлу тоқал іздеп жүр

Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 2020 жылға дейін тежеледі

Қазақ қызы бриллиантты үйіп-төгіп құда түскен жігітін тастап, екінші ғашығымен қашып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296504-khidzhabqa-qatysty-oyyn-aytqan-imam-tik.html