RU

Қазақстанда отан алдындағы борышты өтеу мерзімі ұзартылмайтын болды

Елімізде отан алдындағы борышты өтеу мерзімі ұзартылмайтын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған дейін әскерде болуды қайта 2 жылға ұлғайту мәселесі қоғамда үлкен қызу пікірталас тудырған. Бұл тақырыпқа Қорғаныс министрінің өзі де араласып, қару ұстап үйренуге 1 жыл жеткілікті деп турасын айтты.

"Қорғаныс министрлігі бұл мәселені мүлдем қарап жатқан жоқ. Қазір жігіттер әскерде 1 жыл болады. Осы жеткілікті, оны өзгертудің қажеті жоқ. Жалпы, әскерилердің 70 пайызы келісім-шартпен жұмыс істеп жүргендер. Қарулы күштер сапында 18 мыңнан астам офицер бар", - дейді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Ал 2 жылдықты қолдағандар әскерде келісім-шартпен жүргендердің тым көптігін алға тартқан. Тіпті оларға жалақы, тұратын баспанасының шығыны қазынадан төленетіндіктен бюджетке ауыр салмақ салыпты.

Есесіне, жыл сайын 24 мыңнан астам мектеп түлегі университет пен колледжге түсе алмай, сандалып бос жүр. Осы бозбалаларды казармаға жіберіп мамандық алуға мүмкіндік туғызу жайы көзделген.

Оның үстіне, әскери билеті болса жұмысқа орналасуы жеңілірек болады. Алайда, бұндай ұсынысқа қарсы шыққан Қорғаныс министрі қалыптасқан жүйені өзгертуден бас тартып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296556-qazaqstanda-otan-aldyndaghy-boryshty-o.html