RU

Алматы зообағы аңдар мәйітханасына айналып барады

Алматыдағы хайуанаттар бағында тағы бірнеше жануар ауырып жатыр. Ал жыл басынан бері осында арам қатқан хайуандардың саны 20-ға жеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл тізімді атышулы зообақ ресми сайтында жариялады. Онда өлейін деп жатқан жануарлардың диагнозы мен қазіргі жағдайы жіпке тізгендей жазылған. Сөйтсек, қазір бақта 12 хайуан ауырып жатыр екен. Олардың қатарында амур жолбарысы, қасқыр, маймыл және пони бар. Сайтта өлгендерінің тізімі де жаңартылыпты.

Яғни биылдың өзінде 20 жан-жануар темір торда арам қатқан. Бұған дейін бақтың жолбарыс, сілеусін, жираф төлі сынды аңдардан айырылғанын айтқанбыз. Ал екі күн бұрын мұндағы жалғыз қабыланның өлгені мәлім болды.

Айта кетсек, сол аңдардың басым бөлігі орнынан тұра алмайтын хәлге жетіп, ақыры арам қатқан. Жағдай бұлай жалғаса берсе, зообақтың жануарсыз қалатын түрі бар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296670-almaty-zoobaghy-anhdar-mayitkhanasyna.html