RU

Алматыдағы АІІБ Күлекбаевтың шабуылынан кейін бетон дуалмен қоршалды

Алматыдағы АІІБ бүгінде бұзылмас қамалға айналған - ғимарат биік бетон дуалмен қоршалып, темір қақпалар орнатылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бірінші болып, Алмалы ауданы Ішкі істер басқармасының қауіпсіздігі күшейтілді. Дәл осы жерде 18 шілде күні Руслан Күлекбаев полицейлерді қырып салған болатын.

Кіреберіске күзет қойылып, ішке тек арнайы құжаты барлар кіретіндей тәртіп орнатылған.

Бостандық АІІБ-сі де бетон дуалмен қоршалды. Әуезов ауданының АІІБ-сі дәл осылай қоршалатын сыңайлы.

Түрксіб АІІБ-сі сәл өзгешелеу. Онда бетон дуалдардың орнына темір дуал салынған.

Еске салсақ 18 шілде күні Күлекбаев Алмалы АІІБ-не шабуыл жасап, полицейлерге оқ жаудырған болатын. Салдарынан тоғыз адам қаза болды.

Алматыда дүйсенбіден бастап Күлекбаевтың ісі қаралуда. Ол 28 қазанға дейін жалғасатын болады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296683-almatydaghy-aiib-kulekbaevtynh-shabuyl.html