RU
Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Рассказать Вконтакте

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін тоғыз спортшының жетістігін жоққа шығарды. Бұл туралы ҚОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Спортшылардың жаңа тізімінде еркін күрестен 84-96 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Қазақстан спортшысы Таймураз Тигиев те бар.

ХОК-тың тәртіптік комиссиясының құрамына Денис Освальд (төраға), Гунилла Линдберг мен Угур Эрденер кірді.

Комиссия Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне қола жүлдені, дипломды және Олимпиада спортшысының төс белгісін қайтарып беруін қамтамасыз ету жөніндегі шешім шығарды.

Тізімде бес медаль иегері атап көрсетілген, олар: ресейлік желаяқ Екатерина Волкова (қола медаль), Өзбекстаннан еркін күрестен Сослан Тигиев (күміс медаль), Украина ауыр атлетшісі Ольга Корбка (күміс жүлде), Беларусь спортшылары Анастасия Новикова (қола) мен Андрей Рыбаковлар (күміс).

Жалпы алғанда ХОК-тың екі мәрте тексеру қорытындысы бойынша 2008-2012 жылғы Олимпиадаға қатысқан 98 спортшының сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Соның ішінде екінші мәрте тексеру кезінде 23 жүлдегердің тест қорытындысы бойынша нәтиже таза болмай шықты.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

 

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel