RU
Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Рассказать Вконтакте

Бүгінде мемлекеттік қызметте әрбір адамның жұмысын бағалау жүйесі енгізілген. Алайда оны бонустарды төлеу жүйесіне әлі қосқан жоқ. Аталған екі жүйені өзара үндестіріп, іске қосқаннан кейін барлық сыйақылар мемлекеттік қызметкердің жеке жетістіктеріне сәйкес төленетін болады деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Негізі, мемлекеттік қызметте «13-ші жалақы» деген сыйақы жоқ. Үстемеақы мен сыйақы дегендер бар. Алайда қазіргі міндетке сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметкердің жалақысы жұмыстың нәтижесі бойынша төленуі керек. Сол себепті бүгінде жаңа жүйе әзірленді. Оның аясында барлық бонустар еңбектің нәтижесі бойынша төленеді. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметте жұмысты бағалау жүйесі енгізіліп отыр. Оған сәйкес, әрбір қызметкердің жеке жылдық жоспары белгіленеді. Онда нақты мақсат-міндеттер жазылады. Соның нәтижесі бойынша бонустар төленеді», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің міндетін атқарушы Жарқын Тілеукенов.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта жұмысты бағалау мен бонустарды беру жүйесін өзара байланыстырғаннан кейін мерекелік сыйақыларды алып тастайды. Сол кезде барлық бонустар, яғни ақшалай сыйақылар әрбір қызметкердің жеке жетістіктері үшін төленеді.

«Ол жүйе барынша ашық болады. Адам бонусқа лайық болса, сыйақы алады. Ал жоспарды орындамаса, жалақыны қанағат тұтуға мәжбүр болмақ. Біз аталған жүйені келесі жылдың екінші жартыжылдығында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті Тілеукенов.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

 

Сіздің реакцияңыз
26
3
2
4
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel