RU
Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды (фото)

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласы әкімінің 9 айлық есебін тыңдауға келген Бердібек Сапарбаев облыстың әлеуметтік жағдайы мен экономикалық дамуына тоқталды. Әкімшілік қызметкерлерін жыл соңына дейін қалған екі айда белсенді жұмыс жасауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда өндіріс, инвестиция және сауда айналымы төмен болып тұр. Арнайы құрылған жұмыс тобының өздеріне арналған міндеттемелері бар. Бізде қазір банкротқа кеткен мекемелердің 70 миллиондай қарызы бар. Ол жөнінде тиісті бақылау орындарымен біріккен жұмыстар жасалып жатыр»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бірақ, жиында Бердібек Сапарбаевтың ескертулері мен тапсырмаларын тыңдағысы келмей отырғандар көп болды. Олар залдың артқа орындықтарын таңдап, шалқайып ұйықтады. Әкімнің тапсырмасын қызықсыз деп санаған басқарма басшалары Instagram желісінің қызығына батып, жұлдыздар жаңалығын оқып отырды.

Ақтөбелік шенділер Бердібек Сапарбаевтың елдің әлеуметтік жағдайын арттыруымыз керек, халық сіздердің белсенді жұмыстарыңызды күтеді деген сөздерін естімеген болуы мүмкін. Білдей басқарма басшылары WhatsApp арқылы әңгімені қыздырып отырды. Жиналыс бойына қолдарынан смартфондарын тастамағандар Дариға Назарбаеваның жыл басында жасаған ескертуін де ұмытып кеткен секілді.

Премьер-миниcтрдің орынбасары Дариға Назарбаева сәуір айынан бастап шенеуніктерге жұмыс орнында смартфон пайдалануға тыйым салған болатын. Құпия құжаттардың WhatsApp арқылы таралып жатқанын айтқан Дариға Нұрсұлтанқызы әкімшілікте планшет пен смартфон ұстауға тыйым салған еді. Ал ақтөбеліктер үшін бұл сөздің еш жаны болған жоқ.

«Ақтөбе қаласында ұнның, нанның, тұздың, тауық етінің, өсімдік майының 15 пайыздан 20 пайызға дейін өсуі бар. Өкінішке қарай біздің кейбір кәсіпорындар өздері бірігіп, негізсіз бағаны өсіріп отыр. Қазіргі кезде бағаның өсуіне ешқандай негіз жоқ. Сондықтан мекемелер тексеріледі. Заңсыз, негізсіз баға көтергендерге тиісті шара қолданамыз», - деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев қала әкімінің есебін тыңдап болғаннан кейін оны орнына отырғызып, сұрақтың бәрін орынбасарларына қойды. Әлеуметтік желілерде жұлдыздармен түскен суреттерін жариялағанды ұнататын Жандос Байырханов қала құрылысына қатысты сөз естіді.

«Жаңадан салынып жатқан үйлерді заман талабына сай өзгерту керек. «Батыстағы» салынып жатқан үйлер сары түспен боялады. «Нұр Ақтөбеде» салынып жатқандар көкпен боялады. Сонда бізде басқа түс жоқ па не? Оны өзгертуге болмай ма?», - деді әкім.

Ал смартфондарын жиналыс бойы қолдарынан тастамаған шенділер WhatsApp пен Instagram қызығынан шыға алған жоқ. Жиында желі қараушылардың көшін бастағандар қатарында кәсіпкерлік палатасының басшысы Нұрлыбек Мұқанов, білім бөлімінің басшысы Сәуле Өмірбекова, мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев бар. Ішкі саясат басқармасының басшысы да жиын кезінде телефонын тастай алған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Сіздің реакцияңыз
357
10
13
16
0
52
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel