RU

Пәкістанда ерекше сұлу көзімен әлемге танымал болған әйел тұтқындалды (фото)

Пәкістан полициясы 12 жасында National Geographic журналының мұқабасына суреті шығып танымал болған 44 жастағы Шәрбат Гуланы қамауға алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелді ел аумағында жалған құжатпен заңсыз тұрған деп айыптауда. Бұл туралы The Guardian басылымы жазады.

2015 жылы Гуланың жеке куәлігі жария етілді. Алайда әйел босқын әрі Пәкістан азаматтығын алмағандықтан жеке куәліктің заңды екендігі күмәнді болып шықты. Содан бері бір жарым жыл ішінде тергеу жүргізіліп Шәрбат Гула қамалды.

Елдің ресми орган өкілдерінің мәліметі бойынша Гуланың кінәсі дәлелденсе, ол 14 жылға бас бостандығынан айырылып, бес мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

National Geographic журналының мұқабасына шыққан Шәрбаттың суретін фотограф Стив МакКарри 1984 жылы түсірген. Фото Ауғанстанға кеңес әскері басып кірген соғыс кезін, сонымен бірге Пәкістанға ағылған 2,5 ауғандықтың тағдырын бейнелейді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296763-pakistanda-erekshe-sulu-kozimen-alemg.html