RU

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару еліміздің балаларына сый әзірлеп қойды (фото)

Бірнеше жыл бұрын Лондонға өнер үйрену үшін кеткен астаналық ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан болатын. Қалталы ару еліміздің балаларына сый әзірлеп қойғанын жеткізді. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ирине Кудренок күйеуі Джонмен бірге еліміздің өнерлі балалары арасында байқау жариялады.

"Біз "Қазақстан үшін бүкіл әлемнен достар табу не үшін маңызды?" деген тақырыпта суреттер салған балалар арасында байқау жариялаймыз. Мақсат - өнерге сүйіспеншілікті дамытып, балаларды өнерге баулу. Оларды бәрі мүмкін екеніне сендіру. Себебі, жеңімпазға басты сыйлық - Камелот сарайына сапар болмақ", - дейді Кудренок.

Қазақстанның Лондондағы елшілігі бұл ұсынысты қуана қабылдап, оны жүзеге асыру үшін атсалысатынын алға тартқан. Байқаудың финалында қатысушылардың суреттері көрмеге қойылуы мүмкін. Жюрилер құрамына ең танымал британдық суретшілер кіруге келісімін берді.

Еске салсақ, бұған дейін шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүріп жатқаны туралы хабарланған болатын.

Михаил Дворянчиковтің материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296880-sheteldik-bay-azamatpen-konhil-qosqan-2.html