RU

Қазақтың ұлттық брендіне ұсыныстар арасында Басковқа ұқсас бейне бар

Қазақтың құндылығын төрткүл дүниеге танытуы тиіс ұлттық бренд әлі таңдалмай жатып, оған ұсынылған көптеген нұсқалар жұрттың ашуын тудырды. Өйткені бүкілхалықтық дауысқа түскен суреттердің арасында «елдің белгісі» ретінде қоқиқаздан бастап, алкогольдік сусындарға дейін жүр деп жазады qazaquni.kz.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Іріктелген логотиптердің арасында тіпті Ресей әншісі Николай Басковтың да бейнесі бар. Идеясы тәп-тәуір ұлттық бренд байқауын оған қатысушылар осылайша ту-талақай етуде.

Артем Калюжныйдің ұлттық брендке байқау жарияланғалы бері ішкен асы бойына батпай жүр екен. Дизайнерге әсіресе қызыл арақ пен кілең бас киімдердің бейнелері жақпай қалған.

"Байқаудың маңызын көбі түсінбеген. Мәселен, Голландия ірімшігі және қызғалдағымен танымал болып жатыр. Ал мына байқауды түсінбегендер балалар сайысына ұқсатып жіберген. Ешқандай арнайы білімі жоқ адамдар "бренд" деп ойына келгенін салады", - дейді дизайнер Артем Калюжный.

Байқауға қабылдау негізі алты күн бұрын аяқталған. Ал бас жүлде – 5 миллион теңге. Сондықтан болар мыңға жуық өтініш келіп түсіпті. Ұйымдастырушылар «Ұлттық брендке» лайықты деген үміткерлердің суреттерін бүкілхалықтық дауысқа салып та қойған. Бірақ онысы қып-қызыл дауға қалып жатыр.

Мәселен, қанатты адамды желі қолданушылары Ресей әншісі Басковқа ұқсатыпты. Қоқиқаздың суреті де түсінбеушілік тудырған. Десе де, үлкен жанжалға себепкер суреттер едәуір дауыс жинап үлгерген. Байқауға қатысушылар да бұлардан еш әбестік көрмейді.

"Баланың салған суретіне ұқсағанымен, бұл біздің азаматтардың ойы. Қолынан келгенше жеткізуге тырысқан деп ойлаймын, сын айтпай қайта санасу қажет. Арасында мықтылар да жоқ емес", - дейді байқауға қатысушы Александра Осипова.

Қазақтың брендін анықтауды қолға алған Ақпарат министрлігі де мін іздегендерге жауап қайтарды. Айтуларынша, ұлттық логотипті бүкіл халық болып таңдағанымен, жеңімпазды бәрібір сарапшылар іріктейді екен.

"Егер халықтың өзі таңдамағанда сынның астында қалар едік. Сол себепті елмен есептесіп, дауысқа салдық. Бүкілхалықтық байқау жарияладық. Әрине, мұнымен бәрі бітпек емес, байқаудың үшінші кезеңінде "ұлттық брендті" нағыз мамандар таңдайтын болады", - дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Алматының жаңа логотипі де жұрттың арасында дау тудырған болатын. Біреулер оны жапырақ десе, енді бірі – кір жуатын ұнтаққа ұқсатты. Мұнда да дауыс берушілер қақ бөлінген. Мәселен, домбыра ұстаған қазақ қызы, жүрек ішіне сыйған қазақ оюы көпшілікке ұнапты. Қалай болғанда да, таңдалған таңба болашақта мемлекеттің символына айналмақ.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296915-qazaqtynh-ulttyq-brendine-usynystar.html