RU

Жыныс мүшесіне арналған жаттығуларды білесіз бе?

Қазіргі заманауи әйелдер тек мансапта ғана емес, жеке өмірінде де барлығының жақсы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Себебі бақытты әйел статусына жету үшін үлгілі ана, аяулы жар болу жеткіліксіз деп жазады ikerim.kz.

Сүйіктіңнің көңілін табу жолында шаш бояп, иіссу себіну мен түрлі күтімдер де кейде пайдасыз болып қалуы мүмкін екен. Себеп еркектер үшін ашық қарым-қатынастың басты орында екендігінде. Осы үшін де нәзік жандылар жаңа үрдіске бет бұрды. Бұл – вумбилдинг. Вумбилдинг дегеніміз – әйелдің жамбас бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Пайдасы:

Вумбилдинг – жамбас, бөксе, сегізкөз, төс және арқа бұлшық еттеріне жақсы әсер етеді. Бұл жаттығулардың бағдарламалары өте ауқымды. Себебі ол аталмыш органдарға әсер етіп, олардың нығайып, беки түсуіне ықпал етеді;

Сонымен қатар, жүктіліктен кейін немесе түрлі аурудан айыққаннан кейін айналысса тезірек қалыпқа келуге септігін тигізеді;

Босану процесі де жеңіл өтеді;

Әйелдерде климакстың ерте басталуы жиілеп кетті. Оған себеп үнемі бір орында отырып жұмыс істеу, нашар экология және басқа да жайттар. Ал вумбилдинг оны біраз кешеуілдетуге күш салады;

Несептің шығуында қиындығы бар әйелдерге де осы жаттығулармен айналысу ұсынылады;

Бұл жаттығудың кері көрсеткіштері де бар. Мысалы, әйел жүкті кезінде жамбас жаттығуларымен айналыспағаны абзал. Сосын киста, миома сынды аурудан кейін дәрігердің кеңесіне жүгінген дұрыс.

Вумбилдингпен үй жағдайында да айналыса беруге болады

Бірақ алдымен жаттықтырушылардың көмегіне жүгінген де артық етпейді. Егер сіз вумбилдингпен айналысамын деп толық шешім қабылдаған болсаңыз, бірінші кезекте ішіңіз бен бөксеңізді босаңсытып үйрету керек.

Екіншіден, бұлшық еттеріңізді басқарып, әрбір мүшеңіздің қозғалысын сезіне білу керек. Жеке-жеке оларға күш тастап, қайта босаңсытып отырыңыз.

Үшіншіден, демді дұрыс алуды меңгерген жөн. Алғашқы жаттығуды тіке жатып істеген дұрыс дейді мамандар. Себебі басыңыздың айналуы ықтимал. Осындай аздаған дайындықтан кейін жаттығуға кірісуге болады. Негізгі жаттығулардың бірі – мүшелеріңіздің бұлшық еттерін қыздырып, босаңсыту. Бұл жаттығудың артықшылығы – кез-келген жерде жасай беруге болады. Себебі оны ешкім байқамайды.

Әйелдерге тән көптеген аурудың салдары дұрыс емес жасалған қатынастың кесірінен болады. Аптасына кемінде бір рет вумбилдинг жаттығуларымен жаттығып тұрған артық етпейді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде оқушы қыз 10-шы қабаттан құлап кетті

Астроном Айдың бетіндегі беймәлім ұшатын нысандарды видеоға түсіріп алды (видео)

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус аударылып қалды

«Астана» футболдан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Комадан кейін есін жиған жеткіншек өзі білмейтін тілде сөйлеп кетті

Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындардың зәресін ұшырды

Ақтөбе облысында екі адам арақтан уланып, мерт болды

Қостанай облысында пара алған бұрынғы әкім 31 миллион теңге айыппұл арқалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296932-zhynys-mushesine-arnalghan-zhattyghulard.html