RU

Атырауда асыранды екенін білген 11 жасар қыз өгей ата-анасынан қашып кетті

Атыраулық 11 жасар қыз ата-анасының өгей екенін біліп қойып, үйден кетіп қалды. Кішкентай қызды туа сала асырап алған отбасының жағдайы жақсы. Алайда ол өзінің туған ата-анасын іздеп тапқысы келеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

11 жыл бұрын Жаннаны (есімі өзгертілген) атыраулық бір отбасы асырап алады. Таяуда оған біреу өгей қыз екенін айтып қойған. Содан бері Жанна бірнеше рет үйінен қашуға тырысқан, қарсылық көрсету үшін құжаттарды өртеп жіберген деп хабарлайды жергілікті ATPress.kz порталы.

Жаннаның тәртібі ғана емес, оқу үлгерімі де нашарлап кеткен. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының психологтары бұл ақпаратты қызға кімнің жеткізіп жүргенін анықтай алмады.

Айта кету керек, асырап алу құпиясы заңмен қудаланады. Қылмыстық кодекстің 135 бабына сай асырап алу жөніндегі құпияны таратқаны үшін 100-ден 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Алайда, бұл жағдайда ешкімді жазаламайтын тәрізді.

"Біз бұл қызбен екі айдай жұмыс істедік, бірақ ол үйге қайтқысы келмей отыр. 18-ге толған соң өзінің туған ата-анасын іздемекші. Осы жағдайға байланысты қыздың өгей әке-шешесін ата-аналық құқынан сот шешімі бойынша айырды. Жаннаны интернатқа жібереді", - деп мәлімдеді кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының директоры Ғалия Бижанова.

Алайда қыздың өгей ата-анасы қызды ренжітпегені белгілі болды. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тәртіп сақшылары қараусыз қалған балаларды әкеледі. Әсіресе мұндай жеткіншектер түнгі уақытта көп ұсталынады.

Әдетте, мұндағы балалардың ата-аналары - спирттік ішімдік ішіп, нашаға тәуелді болғандар. Көбінің жеке құжаттары болмайды, сондықтан оларды интернаттарға тапсырады екен. Қазір бұл орталықта 9 қыз және 6 ұл бала жүр. Ал жыл басынан бері мұнда 278 жасөспірім тіркелген.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296936-atyraulyq-11-zhasar-qyz-ogey-ata-anasynan.html