RU

Кәмшат Жолдыбаева түрікке тұрмысқа шығып кетті ме? (фото)

Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде кезекті фотосын жүктеймін деп біраз табынушыларын алаңдаттырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жұрт оны той көйлегіне ұқсас киіммен түрік жігітінің қасында түскен фотосына қарап, тұрмысқа шығып кетті деп ойлаған.

"Ұзату екен деп қалдым ғой", "Мен сізді ұзатылып жатыр ма деп ойлап қалдым", "Кәмшат шетел азаматына тұрмысқа шығыпты деп ойлаппын", "Күйеуге шығып жатқандайсың", "Соған күйеуге тиіп кетпеші енді", - деп жазған желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың бірталайы түрік азаматын алғашында Илья Ильинге ұқсатқандарын да жасырмады.

Дегенмен, әнші бұл фото тойдан емес, концерттен түсірген болып шықты.

"Бүгінгі концертті менімен бірге жүргізетін жұбым, Түркия елінің арнайы қонағы - Синан Дорук мырза мені осылай гүл шоқтарымен қарсы алды", - деп жазған әнші фотосының астына.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1296950-kamshat-zholdybaeva-turikke-turmysqa-sh.html