RU

Алматыда үш биодәретхана орнату үшін 21 миллион теңге жұмсалған

Еуропаның ірі мегаполистері секілді Алматыда орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылған үш биодәретхана орнатылды деп хабарлайды almaty.tv.

Олар Мақатаев-Уәлиханов көшелерінің қиылысына, Мұстафин көшесінің бойына және Қазақстан қонақ үйінің артында орналасқан. Жыл соңына дейін олардың саны онға жетеді.

Ал келесі жылы қалада жүзден астам биодәретхана болады. Осылайша, Алматы кәсіпкерлерінің бірі тұрмыстық деңгейде болса да, қаланы туристік тартымды етуге шешім қабылдады. Бір биодәретхананы орнату үшін кәсіпкер 7 миллион теңге жұмсаған.

«Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы, таза, стационарлық санитария талаптарына сай дәретханалар орнатуды қолға алдық», - деді кәсіпкер Хасан Гасанов.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297108-almatyda-ush-biodaretkhana-ornatu-ushin-21.html