RU

Оралда жігітімен араздасып қалған мектеп оқушысы асылған күйі табылды

Оралда оқшуы қыз асылған күйі табылды. Өзіне өзі қол жұмсаған қыз оныншы сыныпта оқыған деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Ол оқыған №39 орта мектеп өкілдері қыздың үлгілі отбасынан шыққанын, сабақты жақсы оқығанын айтуда.

"Оқиға үйде болған. Қазір ешнәрсе айта алмаймыз, бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда", - деді №39 орта мектеп директоры Елена Любченко.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның 20 қазан күні, шамамен түнгі 11-де болғанын хабарлады. Өзі тұратын үй ауласынан оқушының өлі денесі табылды. Ол асылып өлген.

«Алдын ала болжам бойынша, жігітімен араздасып қалғандықтан қыз өзіне өзі қол салған», - деді прокуратура.

Аталған факт Орал қаласы ІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл жаңа оқу жылынан бергі екінші жасөспірім суициді. 23 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде 12 жастағы оқушы асылып өлген еді.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297123-oralda-zhigitimen-arazdasyp-qalghan.html