RU

Басынан орамалын тастамайтын отандық журналист алаяқ болып шықты

Талдықорған қаласының тұрғыны, журналист Дина Ысқақова алаяқтық жасады деген күдікпен тұтқындалды. Оның қылмысы мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін пәтерлерге байланысты болған, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 2016 жылдың тамызында 30 жастағы әйелді тұтқындады.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметінде Дина Ысқақова «Кемеңгер» республикалық журналының бас редакторы қызметін атқарғандығын айтты. Басылымның редакциясы Талдықорған қаласында орналасқан. Тұтқындалған уақытта қандай қызмет атқарғаны белгісіз.

Бүгінде қамауға алынған азаматшаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендігі туралы өтінішпен талдықорғандық 30 тұрғын полицияға шағымданған. Күдікті 2015 жылдың қаңтарынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін 100 миллионнан астам теңге шығын келтірген.

«Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 190-бабына сәйкес, алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы ІІД басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр және бақылауға алды», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстық істерге қатысын тексеріп жатыр. Қала тұрғындарын тергеуге көмектесуін сұрайды. Алматы облысы ІІД қамауға алынған азаматшадан зардап шеккен қала тұрғындарын мына телефондар: 8(7282)608245, 8(7282)608846, 8(7282)608007 немесе 102 арқылы полицияға жүгінуін сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы вице-президенті 70 миллион долларды қалай ұрлаған?

Ақтөбедегі лаңкестің анасы ұлының басы қалай арбалғанын айтып берді

Алматыда үш биодәретхана орнату үшін 21 миллион теңге жұмсалған

Канадалық дәрігер еш себепсіз сегіз адамды өлтірген

10 жылдың ішінде Қазақстаннан шетелге қашып кеткендер 10 млрд теңге жымқырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297289-basynan-oramalyn-tastamaytyn-zhurnal.html