RU

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Жарқынбек Бақашбаев 10 адамды жер жастандырған Руслан Күлекбаевті өлім жазасына кесуді сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Күлекбаев Русланды өлім жазасына кесуді сұраймын", - деді прокурор.

Прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылып жатқандарды 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Еске сала кетсек, Алматыда Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы 17 қазан күні басталған. Тергеу абақтысының өзінде өтіп жатқан сотта Күлікбаевпен қатар оның 5 бірдей сыбайласы да отыр. Тергеу мәліметі бойынша, олар құрған қылмыстық топ қару-жарақ сақтап, екі жылдан бері пәтер тонаумен де айналысқан екен.

Айта кетейік, Руслан Күлекбаев 18-ші шілде күні Алматыны дүрліктіріп, оның қолынан 8 полицей мен 1 шекарашы, тағы бір зейнеткер қаза тапқан еді. Енді ол қару-жарақты тонаудан бастап адам өлтіру және лаңкестік шабуылға дейінгі 9 бап бойынша айыпталып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Жастардың көзінше шешініп тастап билеген бойжеткен желіні жарды (видео)

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, елге қашып келді

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Мұсылман мен христианнан туған баланы сүндеттеу керек пе, әлде шоқындыру керек пе?

Ақтөбедегі лаңкестің анасы ұлының басы қалай арбалғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297447-prokuror-kulekbaevqa-olim-zhazasyn.html