RU

Ерке Есмахан Ақтөбедегі концертінде сахнаға жалаңаяқ шықты (видео)

Танымал әнші Ерке Есмахан Ақтөбедегі концерті кезінде сахнаға жалаңаяқ шығып кетіп, тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде республикалық турне ұйымдастырып, елдің түкпір-түкпірін аралап жүрген Ерке Есмахан Ақтөбедегі концерті кезінде жұртты таң қалдырды. Ол сахнада аяқ киімін шешіп тастап, жалаңаяқ күйінде би  билеп кетті.

Мұны көрген көрермендер де Еркемен бірге қосылып би билеп, ән шырқады.

Еркенің өзінің айтуынша, көптен күткен концерт ойдағыдай өткен.

Дегенмен, концерт алдында қатты қобалжыған ол, көптің көкейінен шығу - оның басты мақсаты екенін де айтты. Оның айтуынша, халықтың ыстық ықыласы үшін ол бар күшін салуға әзір.

Естеріңізге салсақ, Ерке Есмаханның алғаш рет өткізіп отырған республикалық турнесі 24 қазаннан басталған. Алғашқы қадамды Ерке көп жыл бұрын өзі ән салған туған жері Ырғыздың сахнасынан бастады. Концерттен соң Ерке өзінің достарын хан сарйындай зәулім үйіне қонақ етті.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаевты тыңдағысы келмеген ақтөбелік шенеуніктер шалқайып ұйықтап қалды

Қазақстандық мемқызметкерлер мерекелік сыйақылардан қағылатын болды

Атамбаев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесін реттеуді бастады

Атырау тұрғыны туған анасын соққыға жығып, үйінен қуып жіберген

Қазақстандық балуаннан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297456-erke-esmakhan-aqtobedegi-koncertinde.html