RU

Жеңіл жүрісті әйелі өзгенің құшағында кеткен ОҚО тұрғыны өз бақытын тапты

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының 48 жастағы тұрғыны өзінен 15 жас кіші әйелмен газет арқылы танысып бас қосты, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Мұхтар Асановтың төрт баласына ана болатын жар іздеп жүргені туралы жергілікті басылымға хабарланған болатын.

48 жастағы ер азаматтың бірінші әйелі жеңіл жолға түсіп, өзге біреудің құшағында кеткен екен. Содан бері жалғыз жүрген Мұхтар қартайған әкесі мен балаларына қараймын деп жұмысқа да шықпапты. Бұл жанұя әкесінің зейнетақысы мен балалардың жәрдемақысына күнелтетін көрінеді.

Қуанышқа орай, таяуда Мұхтар Асанов Шолпан есімді әйелмен танысып, қайта шаңырақ көтерді. Шолпан көрші ауылда медбике болып жұмыс істейді.

«Екеуміз Шымкент қаласында таныстық, ол кісінің жолдасы қайтыс болған екен. Шолпанда екі қыз, бір ұл, менде үш ұл, бір қыз бар. Сонымен үйде жеті бала болды. Жақсы тұрып жатырмыз, тату-тәттіміз. Қолымызда қарт әкем бар», - дейді ол.

Мұхтар Асанов бірінші әйелімен заңды түрде ажырасыпты.

«Қазір оның қайда, не істеп жүргенінен хабарсызбын. Кетерінде кіші қызымды өзімен бірге алып кеткен еді, былтыр күзде өзіме қайтарып берді. Асырай алмай қиналса керек», - дейді Мұхтар Асанов.

Шолпан мен Мұхтардың жас айырмашылығы 15 жасты құрайды.

Тағы оқыңыздар:

Жастардың көзінше шешініп тастап билеген бойжеткен желіні жарды (видео)

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы екі баласын тастап, елге қашып келді

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Мұсылман мен христианнан туған баланы сүндеттеу керек пе, әлде шоқындыру керек пе?

Ақтөбедегі лаңкестің анасы ұлының басы қалай арбалғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297490-zhenhil-zhuristi-ayeli-ozgeninh-qushaghynd.html