RU

Зауытбек Тұрысбеков журналистерге өзінің кім екенін айтып мақтанды

«Нұр Отан» партиясынның хатшысы Зауытбек Тұрысбеков ақкөңіл әрі таза адам екенін жайып  салды. Ол аз дегендей хатшы «Мен Тұрысбековпін» деп, өзінің абыройлы азамат екенін еске салды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Зауытбек Тұрысбеков Шымкентте өткен «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмеге қатысты. Тілшілермен көрме туралы ойымен бөлісіп, сонымен қатар елге қажетті әлеуметтік жобалар туралы да айтып кетті.  Айтуынша, Шымкентте алдағы уақытта елімізде теңдесі жоқ кардиологиялық орталық салынуы мүмкін. Сонымен қатар, балалар тағамына қатысты да жоба қолға алынбақ.

Тілшілер тарапынан өзіне ұнамайтын сұрақ қойылған Тұрысбеков таза адам екенін айтып, барынша ақталды. Айтуынша, әлдекімдер оның есімін пайдаланып, күйе жаққысы келеді. Ол аз дегендей тілшілерге «...Мен Тұрысбековпін. Құдайға шүкір, абыройым өзіме жететін адаммын» деп өзінің кім екенін айтты.

«Мен қазір қызметте болмасам, қарапайым зейнеткер болатын болсам, «қойшы ол шалды» деп сендер менің қасыма да жоламайсыңдар... «Жігітті өлтіретін намыс, қоянды өлтіретін қамыс» деген бар. Мен жігіт адамымын. Сіздің берген сұрағыңызға намыстанып отырмын» деген Тұрысбеков көтерілгеніне бірнеше ай өткен істі қайта қозғаудың қажеті жоқтығын айтты. Онымен қоймай «Нұр Отан» хатшысы жасаған қайырымды жұмыстарын тізбектеп шықты.

Айта кетейік, Зауытбек Тұрысбеков Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Өзі туып-өскен облысты  талай жыл басқарған танымал азамат. Сонымен қатар ол еліміздің Ресейдегі және Украинадағы, Өзбекстандағы Елшісі болып, Қазақстанның ІІМ министрі лауазымдарын атқарған. Айтпақшы, Оңтүстік Қазақстан облысында  Тұрысбековтың әкесінің атында ауылдық округ пен көше бар.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін

Шымкентке барған министр Тамара Дүйсенова неге жылап қалды? (фото)

Жеңіл жүрісті әйелі өзгенің құшағында кеткен ОҚО тұрғыны өз бақытын тапты

Чиншанло, Подобедова және Манеза ресми түрде Олимпиада медалінен айырылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297638-zauytbek-turysbekov-zhurnalisterge-o.html