RU

Жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын танымал қазақ қыздары

Қазақстандық кейбір танымал арулар жартылай жалаңаш тәнін көрсетіп суретке түскенді ұнатады. Қоғам олардың бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп жатады. Бірі олардың бұл әрекетін ұятсыздық десе, енді бірі қызыға қарайды.

NUR.KZ жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын қазақстандық жұлдыздардың фотосуреттерін назарларыңызға ұсынады.

Жанна Жұмалиева

Оралдық ару 2010 жылы "Мисс Қазақстан" атанды. Ал 2011 жылы "Әлем аруы" байқауында "Ең үздік топ-модель" атағына лайық деп табылды.

Аша Матай

Әнші алғаш сахнаға шыққан жылдары осындай ашық киімдерімен көзге түскен. Кейін әртістің талғамы да, көзқарасы да өзгерді.

Гүлшарат Жұбаева 

Атышулы «Келін» фильмінде келін рөлін сомдағаннан кейін актрисаның көрерменге жақпай қалғаны бар.  Бірақ Гүлшарат одан кейін де  «Қара шаңырақ», «Әке серті», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» секілді киноларға түскен. Соңғы кездері ол тігіншілікпен айналысып жүр.

Луина 

Әнші Луина жартылай жалаңаш суретке түсуге құмар. Бұл ару бикини киіп суретке түсудің еш айыбы жоқ деп ойлайды.

Динара Сәтжан 

Белгілі тележүргізуші мінсіз мүсінінің суреттерін желідегі достарымен жиі бөлісіп тұрады. Осы қылығымен талай сынның астында қалған да еді.

Лидо

Бір қарағанда Лидоны үш баланың анасы деуге сену қиын. Ол өзінің мінсіз сымбатын салауатты өмір салтын ұстанумен сақтап келеді.

Әсел Садуақасова

Иә, ол әйгілі Дауыс International тобында ән салып жүрген уақытта мұндай киімдерге құмар еді. Әсел Сәдуақасоваға қазір жартылай жалаңаш кеуде, ашық кіндікті образ мүлде жат.

Рано Умарова 

Белгілі қазақстандық әнші, Дауыс International тобының экс-мүшесі де кезінде сахнаға осылай киінген. Қазір ана атанып, ашық киінуден қалды.

Айсұлу Әзімбаева 

Жас театр және кино әртісі өзіне шектеу қоймайды. Ол еркіндікті ұнатады. Айсұлу үшін кадрда жартылай жалаңаш денесін көрсету түкке тұрмайды.

Эльвира Құспанова 

FM тобының бұрынғы әншісі топтың қалған мүшелері сияқты ашық-шашық киімге әуес еді. Қазір әнші басына орамала тағып, жабық киініп жүр.

Тағы оқыңыздар:

Зауытбек Тұрысбеков журналистерге өзінің кім екенін айтып мақтанды

Бергей Рысқалиевтың кассирі жарты миллиард долларды жымқырып, шетелде шалқып жүр

Оралда Мүсілім Оңдағановтың зәулім сарайын мемлекет тартып алды

Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297658-zhartylay-zhalanhash-denelerin-korsetud.html