RU

Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды

Дархан Кәлетаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, президенттің жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі, Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сондай-ақ, Назарбаевтың жарлығымен парламент сенатының депутаты Владимир Яковлевич Бобровтың өкілеттігі тоқтатылды.

Айта кетейік, Дархан Кәлетаев бұған дейін Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Қуандық Бишімбаевты Ақордаға шақыртты

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін

Шымкентке барған министр Тамара Дүйсенова неге жылап қалды? (фото)

Ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Қазақстанның туын ажырата алмай қалды

«Күйеу жігіт» сатушының басын айналдырып, қымбат неке жүзігін алып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297780-darkhan-kaletaev-parlament-senatynynh.html