RU

ОҚО-да туысының үйіне қонаққа кеткен ер адам табылмай жатыр (фото)

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының 1977 жылы туған тұрғыны Абдуллаев Әкімжан Абылайұлына іздеу жариялады. Ол биыл 22 қазан күні туыстарының үйіне қонаққа кетіп, содан қайта оралмаған деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Әйелінің айтуынша, Әкімжан Абдуллаев Қазығұрт ауданындағы Ащыбұлақ ауылында тұратын туыстарының үйіне күндізгі сағат 12 шамасында кеткен. Кешкі жетілерде ол үйден шығып, Шымкентке қарай бет алыпты. Алайда, содан бері оны көрген-білгендер жоқ.

Жоғалған ер азаматтың ерекшеліктері: бойы 170-175 см, беті сопақтау келген, көзі мен шашы қара, маңдайы ашық, мұрны солға қарай қисайған. Сондай-ақ, маңдайы мен сол қолында тыртықтың іздері бар.

Киген киімі: қара жолақтары бар қоңыр пиджак, қызыл көйлек, кепка, қара-көк түсті шалбар және қоңыр туфли.

Полиция Әкімжан Абдуллаевты көрген-білгендер болса мына телефондарға байланысуын сұрап отыр: 8-72539-2-12-46, 8-776-303-95-55 немесе «102»

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Қуандық Бишімбаевты Ақордаға шақыртты

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін

Шымкентке барған министр Тамара Дүйсенова неге жылап қалды? (фото)

Ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Қазақстанның туын ажырата алмай қалды

«Күйеу жігіт» сатушының басын айналдырып, қымбат неке жүзігін алып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297811-oqo-da-39-zhastaghy-er-azamat-iz-tuzsiz-zhogh.html