RU

Оралда Мүсілім Оңдағановтың зәулім сарайын мемлекет тартып алды

Оралда сотталып кеткен облыстық спорт басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың зәулім сарайы мемлекет меншігіне өтпек деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның үйіндегі гаражы сүріліп, үйінің қақпасы бұзылғалы жатыр. Ал зәулім сарайы мемлекет меншігіне өтпек. Өйткені ол лауазымды қызметте жүргенде осы нысандар тұрған жер учаскесін рұқсатсыз иемденіп алыпты.

Әкімдіктегілер бұл заңсыздықты шенеунік қамалған соң ғана байқаған. Енді сотқа шағымданып, жерді қайтарып алмақшы. Ол анау-мынау жерде емес, қаланың қақ ортасындағы саябақ жанында орналасқан. Ал осыған жол берген Жер қатынастары басқармасындағылар да тәртіптік жазаға тартылады. Мүсілім Оңдағанов қылмыстық топ құрып, қазынаның 200 млн теңгесін жымқырғаны үшін 2 жылдан бері түрмеде отыр. Әлі өтелетін 10 жылы бар экс-шенеунік жақында әріптестеріне жеңіл ақшадан аулақ жүруді үгіттейтін видеожолдау жасаған еді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Қуандық Бишімбаевты Ақордаға шақыртты

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін

Шымкентке барған министр Тамара Дүйсенова неге жылап қалды? (фото)

Ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Қазақстанның туын ажырата алмай қалды

«Күйеу жігіт» сатушының басын айналдырып, қымбат неке жүзігін алып кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297859-oralda-musilim-onhdaghanovtynh-zaulim-s.html