RU

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Ғаламторда саудасын қыздырған шетелдік компанияларға салық салу мәселесі қоғамда кеңінен талқыланып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Табысы триллиондап саналатын әлемдік интернет-дүкендер кірісін біздің мемлекетпен бөлісуі тиіс. Себебі, желіде отырып-ақ елімізден қыруар қаржы тапқандар қазынаға соқыр тиын да төлемейді екен.

Ал азаматтарымыздың, әсіресе, америкалық сайттарға аударып жатқан ақшасы шаш етектен. Салықшылар енді олардың аранын тыятын арнайы заң жобасын әзірлеуге кірісіп кетті.

Қыз-келіншектерден бастап жігіттерге дейін бүгінде киім-кешекті ғаламтор арқылы сатып алуға үйренген. Мұндай үйден шығартпайтын шопинг, әсіресе, шетелдіктердің қалтасын қампайтып отыр. Мәселен, табысын былтыр триллионнан асырған осындай интернет-дүкендер оның 3,5 миллиардын біздің елден тауыпты. Бірақ бір тиын да салық төлемеген.

Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабыровтың айтуынша, шетелдік дүкендер Қазақстанға тіркеліп, өкілдіктер ашқаны дұрыс.

"Есесіне, қазынаға милиардтаған теңге кіріс түседі. Салықты қазір отандық компаниялар ғана жүйелі төлеп отыр. Олардың шетелдік интернет-дүкендерден несі кем?", - дейді ол.

Отандық интернет-дүкендердің шырылдайтындай-ақ жөні бар. Өйткені қазынаға салық төлейді. Тауарының бағасы әлдеқайда қымбат болатыны да сондықтан. Бірақ, «қолымыз жүрмейді» деп алақан жайғандардың өздері қазынаға әрбір 9 айда қыруар салық құйып отыр:2010 жылы олар 500 миллион теңге салық төлесе, ал бес жылдан кейін төлеген салығы 4 миллиард теңгеден асып түскен.             

Бұл – елдегі бар-жоғы 50 компаниядан түскені. Олардың саны негізі әлдеқайда көп. Көбі – әлеуметтік желілерде тауарын тығылып сататындар. Ал апауыттардан салық жинала бастаса, қазына әжептеуір қарық болмақ. Бірақ, бір қызығы, бұл бастама басқа интернет-дүкендерге ұнамай отыр.

Шетелдік интернет-дүкендерден салық жиналса, олар біздің нарықтан кетіп қалуы мүмкін. Салдарынан жұрт интернет арқылы тапсырыс беруді азайтады. Ол бізге ғана емес, бүкіл индустрияға кері әсерін тигізеді. Өйткені, біз де клиент жоғалтамыз", - дейді интернет-дүкеннің бас директоры Никита Окулов.

Десе де, ғаламтор арқылы тапсырыс қазір берушілер аз емес. Қайта көбейіп жатыр. Мәселен, 2010 жылы тұрғындардың тек бір пайызы интернеттен тауар алса, қазір 55 пайызы базарларға баруды азайтқан.  Сыртқа оңды-солды кетіп жатқан ақша Мәжіліс депутаттарына да тыным бермей, олар да Салық кодексіне интернет-дүкендерге арналған тосын сый әзірлеуде.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Қуандық Бишімбаевты Ақордаға шақыртты

Алматылық полицейлерді қырған Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады

Руслан Күлекбаев: Мен өлім жазасына қарсы емеспін

Шымкентке барған министр Тамара Дүйсенова неге жылап қалды? (фото)

Ұйымдастырушылар Қырғызстан мен Қазақстанның туын ажырата алмай қалды

«Күйеу жігіт» сатушының басын айналдырып, қымбат неке жүзігін алып кетті (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1297863-qazaqstannan-qyruar-payda-tauyp-otyr.html