RU

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақтөбе қаласы әкімінің 9 айлық есебін тыңдауға келген шенеуніктердің жиында шалқайып ұйықтап қалғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Енді телефонның қызығында отырып, кадрге ілініп қалған басқарма басшылары қоқан-лоққы жасауға көшті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі әкімшілік «элитасының» басын қосқан жиынның қалай өткенін осыған дейін хабарланған. Жиын төрінде қызыл кеңірдек болып, елдің дамуын талқылаған облыс басшысының сөзін басқарма басшылары құлақтарына қыстырмағаны әрекеттірінен көрінген.

Әкімнің сөзін қызықсыз деп санағандар смартфондарымен «ойнап», WhatsApp қызығына батып кеткен еді.

Облыстағы білдей мәдениет саласын басқарып отырған Қанат Айтбаев өзін танитын тілшінің суретке түсіріп алғанына ренжіді.

«Өзіміз күнде көріп, сәлемдесіп жүрген соң, үлкен сеніммен қасына отырған журналистерімізге мұнан кейін қалай сенуге болады?», - дейді Қанат Айтбаев.

Бердібек Сапарбаев бір облыстың мәдениет саласын сеніп тапсырған басшы әкім сөйлеп жатқан кезде телефонның қызығында отырғанын шенді ойлар емес. Жиналыста өзінің сөзін тыңдамайтын мұндай басшыларға өңір басшысы енді қалай сенеді? Облыстың идеологиясына әсер етіп, көпке үлгі болуға тиіс «мәдениетті» басшы өзінің интернетте отырғанына емес, кадрге ілінгеніне ренжулі.

«Бейнені заңсыз қолдану статьясын әлі ешкім жойған жоқ. Менің бірінші мамандығым-заңгер. Білетін боларсыз?», - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев.

Басшы БАҚ өкілдерімен өткен жиында отырғанын, өзінің мемлекеттік қызметкер екенін де естен шығармау керек.

Ал жиналыс кезінде WhatsApp-та отырған ішкі саясат басқармасының басшысы сын жазатын журналистерді енді жиналысқа шақырмаймыз деп қорқытты.

«Бәрі ұйықтады деген мақаланы қарап отырмын. Сіздерді жиналысқа ол үшін шақырмаймыз. Мынау енді ыңғайсыз жағдай. Ақтөбе түк жасамай, өмір-бақи ұйықтап жатқан сияқты. Бізге бәленбай тапсырма береді. Мен кеше өзім сол туралы сөйлесіп отырдым. Енді халық «бұлардың бәрі Instagram- да ойнап отырады» деп ойлайды. Біз халықтың игілігі үшін қаншама жұмыстар жасап жатырмыз. Біз сіздерді соларды көрсету үшін шақырамыз. Онда біз сіздерді шақырмай-ақ қояйық. Керек журналистерді жазамыз, тізіммен шақыратын боламыз», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев.

Тағы да оқыңыздар:

Кішкентай қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел халықтан кешірім сұрады

Министрдің көз жасы: Тамара Дүйсенова неге жылады? (фото)

Түркістан әкімі өзі сияқты болсын деп кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын танымал қазақ қыздары

Қайрат Нұртас қорқынышты трейлер түсіріп, тыңдармандарын қорқытып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298136-bukil-eldinh-aldynda-abyroyy-togilgen.html