RU

Қазақтың зілтемірші қызы 4 жылдан соң аяқ астынан қола жүлдегер атанды

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілетем жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болды. Бүгін ХОК 3-ші және 4-ші орын алған екі белоруссиялық штангашы - Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті.

Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды.

Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды.

Тағы да оқыңыздар:

Кішкентай қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел халықтан кешірім сұрады

Министрдің көз жасы: Тамара Дүйсенова неге жылады? (фото)

Түркістан әкімі өзі сияқты болсын деп кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын танымал қазақ қыздары

Қайрат Нұртас қорқынышты трейлер түсіріп, тыңдармандарын қорқытып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298183-qazaqtynh-ziltemirshi-qyzy-4-zhyldan-sonh.html