RU

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлері өздерінің этикасына зор мән беруге кеңес берді. Әйтпесе, әдепсіз мемқызметкерлер қатаң жазаланатынын ескертті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлкеттік қызметкер этикасына қатаң назар бөлу керек. Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексі бекітілді, мемқызметкерлердің әдебін бақылайтын арнайы қызметтер енгізілді, орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында әдеп жөніндегі кеңестер құрылды. Қазір мемлекеттік қызметкерлер халықтың қатаң бақылауында жұмыс істеп жатыр. Бәрі сол сәтте ғаламтор немесе әлеуметтік желіге түсіп кетеді», - деді Жақсыбеков Астанада өтіп жатқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген жиыны барысында.

Сондай-ақ ол соңғы уақытта жекелеген жетекшілердің қызметіне сай емес іс-әрекеттері үлкен қоғамдық резонанс тудырғанын еске сала кетті.

«Алматы облысы Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі өзінің қабылдауына келген азаматқа қандай мінез көрсетті. Оңтүстік Қазақстан облысында болған төбелесте аудандық әкім соққыға жығылды. Президент әкімшілігі араласқаннан кейін ғана әкімдіктер мен агенттіктің аумақтық департаменттері қимылдап, тиісті шаралар қолданды. Тәртіп бұзғандар қызметтерінен қуылды. Мұндай бейәдеп іс-әрекеттер мемлекеттік қызметкерлердің беделіне көлеңке түсіріп, халықтың билікке деген сенімін төмендететінін естен шығармау керек. Агенттік осы бағыттағы жұмысын күшейткені абзал. Мемлекеттік қызметкерлердің бейәдеп іс-әрекеті қатаң жазалануы керек», - деді президент әкімшілігінің жетекшісі.

Тағы да оқыңыздар:

Кішкентай қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел халықтан кешірім сұрады

Министрдің көз жасы: Тамара Дүйсенова неге жылады? (фото)

Түркістан әкімі өзі сияқты болсын деп кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті (фото)

Қазақстаннан қыруар пайда тауып отырған әлемдік интернет-дүкендерге салық салынбақ

Жартылай жалаңаш денелерін көрсетуден еш қымсынбайтын танымал қазақ қыздары

Қайрат Нұртас қорқынышты трейлер түсіріп, тыңдармандарын қорқытып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298478-adilbek-zhaqsybekov-adepsiz-memqyzme.html