RU

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Алматыда осыдан 2 аптадай уақыт бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды. Оның өзімен бірге қымбат фотоаппараты болған деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Ер жігіттің анасы Гүлбану Қосылбекованың айтуынша, ұлы 12 күн бойы компьютерлік клубта ойнап отырыпты.

"Ол табылды, кеше түнгі екіде оны таптық. Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірге Алматыдағы ойын клубтарының бәрін шарлап шығып, бірінде ойнап отырғанын анықтадық", - деді Гүлбану Қосылбекова.

Әйелдің айтуынша, ұлы қымбат фотоаппаратты ломбардқа өткізіп, ақшасын оңды-солды шашқан. Ал, ақша таусылған соң қаңғыбасқа айналыпты. Біреудің киімін киіп, көшеде тамақ сұрап жеген. Кейін достары ақша жинап беріпті. Ол ақшаға компьютер ойнаған.

"Үлкен өтініш, бізге құмар ойыннан емдейтін психолог-мамандар қажет. Ойынға деген тәуелділіктен қалай емделетінімізді білмей отырмын", - дейді Гүлбану Қосылбекова.

Айта кетейік, 22 жастағы Қанапия Қосылбеков 16 қазан күні жоғалып кеткен болатын. Онымен бірге қымбат Canon фотоаппарат та жоғалған. Қанапия отбасындағы жалғыз ұл. Анасы оны 12 күн бойы іздеді.

Тағы да оқыңыздар:

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Кішкентай қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел халықтан кешірім сұрады (видео)

18 жастағы бойжеткен «Астана Аруы-2016» атанды (фото, видео)

Алматылық жігіт өзін "геймін" деп жұртқа ашық жариялады

Маңғыстаулық имам 91 тобының жігіттерін еркек деп есептемейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298502-almatyda-qymbat-fotoapparatymen-zhogh.html