RU

Қазақстанда демалыс күндері күн күрт жылынады

29-31 қазанда Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады деп хабарлады «Қазгидрометке» сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Қазан айында Қазақстандағы ауа райына әсер еткен солтүстіктен келген суық ауа ағынын біртіндеп оңтүстік-батыстан келген жылы ағын ығыстыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте республикада ауа температурасы көтеріледі деп болжанған.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстік аймақтарында жауын-шашын болады, ал оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы орташа көпжылдық деңгейге жуық және одан жоғары болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22º жылынады деп күтілуде.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298740-qazaqstanda-demalys-kunderi-kun-kurt.html