RU

Павлодарда ер адамды ұрлап, өртеп жіберген полицей 17 жылға сотталды

Павлодарда ер адамды ұрлап, өлтірді деген айып тағылған полиция қызметкеріне қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарбасов Әсет Амангелдіұлы Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлмінде («Адам өлтіру»), 125-бабы, 1-бөлімінде («Адам ұрлау») және 287-бабы, 2-бөлімінде («қаруды заңсыз иелену және тасымалдау») қарастырылған қылмыстарды жасауда айыпты деп танылсын. Сәйкесінше, қатаң режим колониясына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деп үкім шығарды қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Қабиболла Байғоншеков.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың күзінде 32 жастағы Александр Крутконың жанұясы оның жоғалып кеткенін хабарлады. Кейінірек, қала маңынан жоғалған жігіттің өртенген денесі табылды. Тергеу жұмыстары нәтижесінде, жоғалған күні Крутконы өз үйінен Павлодар ІІБ арнайы қабылдау бөлімшесі қызметкерінің алып кеткені және қолына кісен салып, оңтүстік полиция бөлімшесі ғимаратына әкелгені анықталды.

Сыртқы бейнебақылау камералары Александр Крутконың 15 минуттан кейін ғимараттан шыққанын көрсетті. Айыптаушы нұсқасы бойынша, полицей қызметтік міндетінен тыс құрбанды гаражға апарып, өлімші етіп сабаған.

Қылмыстың кездейсоқ куәгері атанған тұрақ күзетшісін полицей қорқытып, мәйіттен құтылуға жәрдемдесуге мәжбүрлеген. Қылмысты жасырғаны үшін Руслан Қасамбаев төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстары шығарылған үкімге қанағаттанды.

Тағы оқыңыздар:

Шамына тиетін сұрақ естіген партия хатшысы журналистің "жанын шығармақ" болды

Бүкіл елдің алдында абыройы төгілген ақтөбелік шенділер қоқан-лоққы жасауға көшті

Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ұлттық пантеонға жерленетін болды (фото)

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалып кеткен жігіт 12 күн бойы компьютер клубында ойнап отырған

Жақсыбеков әдепсіз мемқызметкерлер қызметінен қуылатынын кесіп айтты

Обама Ердоғанға өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1298769-pavlodarda-er-adamdy-urlap-ortep-zhibe.html